Қазақтың бұлбұлы – Қарағандыда
КСРО-ның халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, Социалистік Еңбек ері, қазақ ән өнерінің аңызына айналған Бибігүл Төлегенова биыл 95 жасқа толды. Алаштың бұлбұлы мерейтойында Қарағандыға келіп, Кеншілер мәдениет сарайында тыңдарманымен кездесті.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Толқын Забирова да арнайы келіп, Арқа жұртының алдында әйгілі «Гауһартасты» шырқады. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Талғат Ыдырысов бастаған жергілікті өнерпаздар да әннен шашу шашты.
Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Бибігүл Төлегеноваға камзол жауып, ықылас гүлін тарту етті.
Бибігүл Ахметқызы сахнада сөйлеген сөзінде қарағандылықтарға көрсеткен құрметі үшін алғысын айтып, шәкірттерімен қосылып ән шырқады.
Толығырақ газетіміздің сенбілік санынан оқи аласыздар.
Ерік НАРЫН.