Бас тақырып

Қазақстанда 2024 жылы олимпиада жеңімпаздарына қанша сыйақы беріледі?

Мәдениет және спорт министрлігі халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша құрама командаларының мүшелеріне берілетін ақшалай сыйақы мөлшерін жариялады, деп хабарлайды Ortalyq.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет: anatili.kazgazeta.kz сайтынан

Министрлік мәліметінше, ең көп ақшалай сыйлықты олимпиада, паралимпиада және сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері алады. Алтын жүлдегер атанған спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына әрқайсысына 250 000 доллардан беріледі, күміс жүлде үшін 150 000 доллардан, қола үшін 75 000 доллардан беріледі.

Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және Дене шынықтыру істері комитетінен

Әлемдік рекорд орнатқан кез келген қазақстандық спортшыға мемлекеттен ақшалай сыйақы беріледі. Рекорд орнатқан спортшы мен оның жаттықтырушысы 5000 доллар көлемінде сыйақы алады.

Айта кетейік, халықаралық олимпиада комитеті спортшыларға ақшалай сыйлық төлемейді. Қатысушы елдер ғана өз спортшыларын марапаттайды. Ал Қазақстан спортшыларына ең көп сыйақы (алтынға 250 000 доллар) беретін елдер тізімінде.

Сыйақы бойынша рейтингтің көшбасшысы – Сингапур. Бұл елде чемпионға миллион долларлық чек беріледі. Алайда, бұл ақшаға салық салынады, қаржының бір бөлігі спортты дамытуға және кейінгі жаттығу шығындарын жабуға жұмсалады.

Ұлыбританияда, Швецияда, Хорватияда, Норвегияда және әлемнің басқа да бірқатар елдерінде олимпиада жеңімпаздарына ештеңе төленбейді. АҚШ-та олимпиада чемпионы 37,5 мың доллар алса, Ресейде 54,5 мың доллар алады. Ал Нигерия мен Сенегал үкіметтері жүлделі спортшыларына сиыр сыйға тартады.

Еске салсақ, бұған дейін олимпиадада чемпион атанған боксшыларға федерация қомақты қаржы тағайындағаны туралы жазған едік.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button