Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы

 сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау туралы

1.Елдің әлеуметтік-экономи­ка­лық және қоғамдық-саяси дамуын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету ісіндегі бұқаралық ақпарат құ­ралдарының елеулі рөлін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақ­па­рат құралдары саласындағы сый­лықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау жө­ніндегі қоғамдық комиссияның ұс­ынымын қарай келіп:

Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің бұқаралық ақ­па­рат құралдары саласын­дағы сый­лықтары берілсін:

Абдрахманова Майра Қаби­қызына – «Хабар» агенттігінің меншікті тілшісіне, Қазақстанның жаһандық бастамаларын жан-жақты жариялап-көрсеткені үшін;

Сембаев Мағауия Слан­бекұлына – Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің бас редакторына, отандық жур­на­листиканың дамуына қосқан елеулі шығармашылық үлесі үшін;

Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы гранттары тапсырылсын:

Магер Юлия Дмитриевнаға – «Казахстанская правда» жалпыұлттық газетінің тілшісіне, Мемлекет басшысының сыртқы саясаттағы қызметін кеңінен жариялап-көрсеткені үшін;

Шәріпов Айхан Пішенбайұлына – «Айқын» республикалық газетінің меншікті тілшісіне, елдегі экономикалық, әлеуметтік және саяси реформалар барысын белсенді жариялап-көрсеткені үшін;

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Алғысы жариялансын:

«Астана» телеарнасындағы «Біздің уақыт» телевизиялық бағдарламасының шығарма­шылық ұжымына, қоғамды дамытудың өзекті мәселелерін жедел жариялап-көрсеткені үшін;

«Мысль» республикалық қо­ғамдық-саяси журналының шығармашылық ұжымына, қо­ғамды демократияландыру және саяси мәдениетті жетілдіру үдерістерін жариялап-көрсетуге қосқан үлесі үшін;

Батыс Қазақстан облыстық «Приуралье» газетінің шығармашылық ұжымына, өңірді дамытудың өзекті мәселелерін жариялап-көрсетуге қосқан үлесі үшін;

«Хабар 24» телеарнасының шығармашылық ұжымына, отандық телевизиялық журналистиканы дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін.

  1. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Назарбаев.

Астана, Ақорда, 2017 жылғы 

23  маусым № 174

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button