Шет

Қазақ елі Мұхтарымен бақытты

    Ақадыр кенттік балалар кітапханасында есімі БҰҰ-ның алтын кітабына жазылған, қайсар тұлғалы ақын М.Шахановтың 75 жасқа толған мерейтойына, желтоқсан оқиғасына 30 жыл толуына арналған кеш өтті.

20 01 2017 008

 

Кітапхана жанынан ұйымдас­тырылған «Жауқазын жыр­лар» клубының мүшелерімен бірігіп, Ә.Ер­меков атындағы мектептің 8 «А» сынып оқушыларының қаты­суымен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Мұқанова М.Мә­метова атындағы жалпы білім беретін мектептің тәлімгері Г.Жалмағамбетованың ат салысуымен кеш өтетін оқырман залына «Ұлт рухын асқақтатқан ақын» атты көр­ме, «Шыншыл, өршіл рухтың ақыны» атты тақырыптық папка жа­салды. М.Шахановтың әріптестері Қ.Қайсеновтың, С.Шаймерденовтың, Ханс-Петер Дююррдың қанатты сөздері жазылды. Кеште кітапханашы ақынның өмірі мен шығармаларына библиографиялық шолу жасады. Ә.Ермеков атындағы мектептің 8 «А» сынып оқушылары әдеби-сазды монтаж ұйымдастырды. Кеште жүргізушілер Е.Төкенова, А.Батырбай ақынға арнау оқыды. Оқырман балалар ақынның «Төрт ана», «Желтоқсан қырандары», «Көкірегімде төрт сәуле бар төрт бақыттан тұратын», «Бақыт геометриясы», «Қазақ дастарханы» өлеңдерін нақышына келтіріп, мә­нерлеп жатқа айтты. Ақын сөзіне жазылған «Әке туралы жыр», «Ақ бантик», «Айналайын» әндерін тамылжыта шырқады. Кеш сонында оқырман-оқушыларға естелікке сый­лықтар табысталды.

Боранкүл БӘКІРОВА,

кітапханашы.

ШЕТ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button