Авторлық ән кеші өтті
Қарағандыда Анжела ШТЕЙНГАРТТЫҢ авторлық ән кеші өтті. Іс-шара ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды. Облыс және қала басшылары, Қазақстан халқы Ассамблеясының активі және облыстағы этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері, «Марианна» авторлық ән клубының мүшелері, «Шығармашылық орта» жобасының қатысушылары көрермендер қатарынан табылды. Автордың туыстары, достары, мектеп мұғалімдері мен сыныптастары да кештің куәсі болды.
Облыс басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков өзінің жарымен бірге кешке арнайы келді. Кешті «Болашақ» академиясының өткізуінің де өзіндік себебі бар.
Осыдан жеті жыл уақыт бұрын «Болашақтың» бұрынғы басшысы (қазіргі ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты) Нұрлан Дулатбековтің бастамасымен Педагогикалық салон ұйымдастырылды. Сол уақыттан бері осы бірлестікте көрмелер, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды, кітаптардың тұсауы кесілді, жазушылармен, саясаткерлермен кездесулер, ғалымдармен, өзге де танымал тұлғалармен кездесулер өткізілді. Салон мүшелерін Анжеланың ән орындауы таң еткен. Сөйтіп, олар автордың іздеп тауып, қаламызға, ЖОО-ға шақырған.
Қарағанды – Анжеланың туған жері. 1978 жылы кеншілер астанасынан көшіп, Совет Одағының Фрунзе, Ленинград қалаларында өмір сүрді. Өткен ғасырдың 90 жылдарының басында Израильге қоныс аударды.
Бала кезінен авторлық әнге әуестігі бар Анжела Ленинград мәдениет институтынының режиссура және драматургия бөлімін бітірді. Үш альбомның авторы, бірнеше халықаралық байқаулардың қатысушысы, жүлдегері. Сондай-ақ, Анжела – Тель-Авивтегі ірі театрлардың бірі – «Гешердің» актрисасы, «Посиделки у Анжелки» әдеби-музыкалық жобасының жетекшісі.
Анжела аталған жоғары оқу орнының студенттерімен кездесу өткізді. Кешті ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шара жас буынға серпін береді.
Облыс әкімінің
баспасөз қызметі.