АймақШет

Ауылда наубайхана ашылды

Жуырда Шет ауданына қарасты Тағылы ауылдық округінің Жұмыскер ауылында жергілікті «АлиТан» жеке кәсіпкерлігінің бастамасымен жаңа наубайхана ашылды.

Кәсіпкер Төлеутай Жұмашев өз қаражатына бірқатар қажетті құрылғыларды сатып алып, наубайхана ашуды көптен бері жоспарлап жүрген еді. Енді міне, бизнес жобасын өзі туып-өскен ауылында жүзеге асырды. Наубайханалардың тәжірибесіне сүйене отырып, өндіріс орнын заманауи жабдықтармен қамтыған. Кәсіп иесі Төлеутай Рымқұлұлының айтуынша, наубайхананы толықтай іске қосуға аудан әкімінің шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі 600 мың теңге гранты көмек болған. Қазіргі уақытта жаңа кәсіп нысаны Жұмыскер ауылынан бөлек, маңайындағы Төменгі Қайрақты, Қарасаз, Қызылту елді мекендерін және аудан орталығындағы бірқатар сауда нүктелерін күнделікті жаңа пісірілген нанмен қамтамасыз етіп отыр. Наубайханаға әзірге 2 ауыл тұрғыны тұрақты жұмысқа алынған. Ауыл тұрғындарының қуанышында шек жоқ. Себебі, осыған дейін нан бағасы сырттан келетін болғандықтан 160 теңге болған. Қазір жаңа наубайхананың наны – 95 теңгеден сатылуда. 

Нұрдос КӘРІМ,

Шет ауданы.

Ortalyq.кz

Басқа материалдар

Back to top button