АймақШет

Ауылда да кәріз жүйесі болады

Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылындағы кәріз жүйесі үшін жобалықсметалық құжаттар әзірленген. Облыстық бюджеттен 200 млн. теңге қаржы қарастырылып, құрылыс кезеңмен жүргізілмекші.

Шет ауданы

Ауыл тұрғындарын алаңдатқан мәселенің бірі көп жылдан бері – осы орталықтандырылған кәріз жүйесі еді. Әр үйдің өз ауласынан қазған кәріз құдықтары шешім емес.

– Бүгінде ауданның даму бағдарламасына сәйкес жергілікті халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында кәріз жүйесі тартылуда. Ақсу-Аюлы ауылында кәріз жүйесі құрылысын жүргізу үлкен жаңалық. Өйткені, кәріз жүйесі өмірі болмаған. Кәріз тартуды халық 5-6 жылдан бері көтеріп келеді. Экологиялық қауіпсіздікті және жер асты суларын қорғау мақсатында орталықтандырылған кәріз жүйесінің құрылысы басталғаны көпшілікке қуаныш сыйлады. Кәріз суын сақтау және тазарту қоймаларының жобасы да жолға қойылған екен. Мамандардың айтуынша, ағынды сулар мен қалдықтардың барлығы дерлік органикалық және минералды заттардан тұратындықтан, олар ыдырауға ұшырайды. Қоршаған ортаға зиян келтіретіндер – олар ауаны, топырақты, су қоймаларын және жер асты суларын ластайды. Бұл мәселеден құтылудың қолайлы жолы кәріз жүйесін тарту, – дейді ауыл тұрғыны Берікбол Дәулетұлы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауыл-аймақты дамыту бойынша тапсырмасын сапалы орындау, ауданның экономикалық-әлеуметтік әлеуетін көтеру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Ол үшін жанжақты талдаулар жүргізілген. Жергілікті халықтың әл-ауқатын ескере отырып, жұмыстардың басым бағыттары айқындалыпты.

Нұрдос КӘРІМ,
Шет ауданы
Ortalyq.kz

Автордың «Ауыл дамыса, ағайын да көшпейді» атты мақаласынан.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button