Пікірлер

Ауыл тұрғындарының қуанышы

Қазір жалпы қауым Мемлекет басшысының мәлімдемелері мен сөздерін асыға күтіп, үлкен үмітпен алаңдап отыратын болды. Шынымен де, Қасым-Жомарт Кемелұлының ұлт мүддесін меже тұтқан қадамдары көңілге қуаныш ұялатады. Енді, міне, ауылдардағы медицина мамандарын қуанышқа кенелтіп тастады.

Ұлттың қоғамдық келісім кеңесінің кезекті отырысында Президент басқа да жағымды жайттармен қатар, ертеден келе жатқан өзекті мәселенің бірегейі – қалалар мен ауылдардағы медициналық қызмет көрсету сапасының аспан мен жердей айырмашылығын ашып айтты. Үкіметке осы олқылықтың орынын толтырып, ауылдарда денсаулық сақтау жүйесінің тиімді моделін құру туралы тапсырма берді. Бұл, сөздің шынайы мағынасында, ауыл тұрғындарының көл-көсір қуанышына негіз болар жаңалық.

Ауылдағы қарапайым еңбек адамдары үшін Мемлекет басшысы тарапынан берілген тапсырманың тындырымды тиянақталуы – өте маңызды. Себебі, бұл – күн тәртібінде өте өткір тұрған мәселе.   

Айбат ӘБДІЛДИН,

Аманкелді селолық округі ФАП фельдшері.

ҰЛЫТАУ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button