«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы аясында Саранда игі шаралар өтуде. «Достық үйі» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының қызметкерлері де жаппай сенбілікке қатысып, өз үлестерін қосты.
Жасыл желектендіруден сарандықтар қалыс қалған емес. Бұл жолы да қала тұрғындары осы акцияға баса мән берді.
Әсіресе аталған мекеме қызметкерлері қолына күрек ұстап, мекеме ауласына жас қарағай шыбығын екті.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz