Қауіпсіз ғаламтор – қауіпсіз қоғам
Қазіргі таңда ақпараттың қайнар көзі – ғаламтор желісі екендігі баршамызға мәлім. Алайда, ғаламтор желісі арқылы тек пайдалы және жағымды ақпараттар ғана кездеседі деуге болмайды.
Әрбір ата-ана, ұстаздар тарапынан да оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында олардың ғаламтор желісін дұрыс әрі тиімді пайдалануын үнемі бақылауда ұстап, қадағалап отыру қажет.
Осы мақсатта №5 орта мектепте «Интернетте қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі?», «Қауіпсіз интернет», «Желідегі қарым-қатынас этикасы» тақырыптарда 5-11 сынып оқушылары арасында сынып сағаттары, саптық жиындар өтті. Ғаламтордың пайдасы мен зияны жөнінде дебат өтіп, дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, мектебіміздің кітапхана меңгерушісі К.Махашованың ұйымдастыруымен «Интернет орнына – кітап» бір күндік акциясы өткізілді. Бұл іс-шараға мектебіміздің 4-11 сынып оқушылары бір кісідей атсалысты. Басты мақсаты – ғаламтор желісін қолданушылар, оның ішінде, әсіресе балалар мен жасөспірімдерге қауіпсіз ақпараттық орта қалыптастыруды қамтамасыз ету, әрі заңсыз ақпарат тарату көздеріне алданып қалмау қағидасын қалыптастыру болды.
Гүлжайнар МЕРЕЙХАН,
№5 жалпы білім беретін орта мектептің
информатика пәні мұғалімі.
БАЛҚАШ қаласы.