Жаңалықтар

Ауқымды жұмыс атқарылуда

       IMG_9029Кеше облыс әкімінің орынбасары Жандос ӘБІШЕВТІҢ төрағалығымен Қазыбек бидің

350 жылдығын мерекелеуге қатысты ұйымдастыру комитетінің екінші отырысы өтті.

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасындағы «Туған жер» жобасы аясында аймағымызда қолға алынған ауқымды шаралардың бірі осы – Қазыбек бидің 350 жылдығының мерекеленуі болмақ. Республика деңгейінде ұйымдастырылып жатқан бірегей бастама Қарқаралыдан бастау алып, еліміздің бірнеше об­лысында жалғасын табатын болады.

Сонымен, аймақ басшысы­ның орынбасары мерекенің іс­-шаралар дайындығына жауапты басқарма басшылары мен Қарқаралы ауданының әкімі орынбасарының баяндамаларына құлақ түрді. Расы керек, мерекелеудің тұжырымдасын тыңдай отырып, өңірімізде бұрын-соңды мұндай ауқымды шара қолға алынбаған екен деп ой түйдік. Мәселен, өт­кізілуі жоспарда тұрған халық­аралық ақындар айтысы мен «Қаздауысты Қазыбек би жолымен: Бабаларға тағзым!» халықаралық автокеруенінің өзі неге тұрады. Бұдан бөлек, «Қазақфильм» киностудиясы қолға алған Қазыбек бидің өмір-тарихынан сыр шертетін деректі фильм түсіру жұмысы тағы бар. Бұл аз десеңіз, еліміздің түпкір-түпкірінен мәлімет жинау­ға жіберілген тарихшыларымыздың жемісін жария ететін Қазыбек би һақында альбом жасау мәселесі де қолға алынуда. Тіпті, қара қылды қақ жарған бірегей тұлға турасында 2 томдық кітап шығару, «Даналар сөзі – ақылдың көзі» атты республикалық шешендік өнер байқауын өткізу де жолға қойылған. Бұл ретте, ұлттық спорт ойындары да ұйымдастыру комитетінің назарынан тыс қалмады. «Аламан бәй­ге», «Құнан жарыс» ұйымдас­тырылып, боз кілемнің үстінде балуандарды белдеспек.

Биылғы 18 тамызда Егінді­бұлақ ауылында бастау алатын баба тойына Қарқаралы ауданының әкімдігі де әзірленуде. Аудан әкімінің орынбасары Сайлау Әлиұлының айтуынша, барлық жұмыс – жоспарға сай.

Дегенмен, ұйымдастыру ба­­ры­сындағы түйткілді мәселе­нің бірі – ауқымды шараның ақпараттануы болып тұр. Мереке – республикалық деңгейде ұйым­дастырылғанымен, ақ­параттануы аймақ аумағынан аспай келеді. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары да айтып өтті. Бұған жауапты басқарма басшылығына қатаң ескерту жа­сап, көшелердегі билбордтардың ілінуіне, республикалық, ай­мақтық БАҚ-тың мазмұнды ақ­парат таратуына үлкен назар аудару қажеттігін жеткізді.

Рауан ҚАБИДОЛДИН.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button