Руханият

Ауқымды шара – жас буын көзімен

    Облыс орталығындағы балалар үйлері мен арнаулы коррекциялық мектеп-интернаттарының тәрбиеленушілері арасында «Астана ЕХРО – 2017» көрмесі балалар шығармашылығында» атты макеттер байқауы жарияланған болатын. Мақсаты – жас оқырмандар бойында Қазақстанның жетістіктеріне мақтаныш сезімін ояту. Астанада өтетін «ЭКСПО – 2017» көрмесінің Қазақстан үшін қажеттілігі мен маңыздылығы туралы позитивті көзқарас қалыптастыру және балаларды шығармашылық ізденіске ынталандыру.

Сайысқа «Құлыншақ», «Таңшолпан» балалар үйлері, «Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған Қарағанды облыстық мектеп-интернаты», «Даму мүмкіншіліктері шектелген балаларға арналған балалар үйінің» тәрбиеленушілері қатысты.

«Сарыжайлау» кинотеатрының кинозалында макеттер байқауының қорытынды іс-шарасы өткізілді. Марапаттау рәсімі Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының басшысы Баян Қуанышқызының құттықтау сөзімен ашылды. Байқауға 25 жұмыс келіп түсті. Солардың арасынан 10 жұмыс іріктелініп алынды.

Қазылардың шешімі бойынша, салтанатты кеште жүлделі орын алған қатысушыларға марапат көрсетілді. Бас жүлде – «Даму мүмкіншіліктері шектелген балаларға арналған балалар үйінің» тәрбиеленушісі Әділ Әлібековке, I орын«Таңшолпан» балалар үйінің тәрбиеленушісі Руслан Тумаевқа бұйырды. II орынға«Құлыншақ» балалар үйінің тәрбиеленушісі Олег Куснамбетов, III орынға «Даму мүмкіншіліктері шектелген балаларға арналған балалар үйінің» тәрбиеленушісі Петр Римский лайық деп танылды.

Жеңімпаздарға грамоталар мен бағалы сыйлықтар – ұялы телефондар мен сымсыз құлаққап және байқауға қатысушы алты балаға ынталандыру сыйлығы – аяқ-киімге арналған сөмке табысталды.

Шараның концерттік бөлімінде балалар үйінің тәрбиеленушілері өз өнерлерін көрсетті.

Сондай-ақ, іс-шараға арнайы шақырылған қала мектептерінің 5-7 сыныптың оқушылары «ЭКСПО – 2017» көрмесі, елдіктің ерен жеңісі» атты кітап көрмесін және сайысқа ұсынылған макеттер экспозициясын тамашалады.

Қ.ҚАЛИЕВА,

Абай атындағы Қарағанды

облыстық балалар кітапханасының қызмет көрсету бөлімінің басшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button