Шет

Атқарылар істер Ауқымды

    Шет ауданында аумақ халқының әл-ауқатын арттыру мен аудан экономикасын нығайту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып, макроэкономикалық көрсеткіштер өскен. Бұл жөнінде Шет ауданының әкімі Марат ЖАНДӘУЛЕТОВ аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

    Оның айтуынша, Ұлт жоспары – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам әлемдік өркениетте өзіндік орны бар еліміздің ертеңі үшін ерекше серпіліс туғызуда. Осы бағытта ел еңсесін тіктеп, халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартуда ауданда кейінгі жылдары серпіліс бары байқалған.

    Нақты сектор саласында жыл аяғына дейін 30,0 млрд. теңгенің өнімі өндіріледі деп күтілуде. Шет ауданда төрт түлік мал басын өсіру, оның өнімділігін арттыру бағытында да игілікті істер қолға алынып жатыр. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге бағытталған кооперативтер құру жолға қойылыпты. Бір айта кетері, ауыл шаруашылығы саласында жыл соңына дейін 23, 6 млрд. теңгенің өнімі өндірледі деп жоспарланған. Жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары ауыл шаруашылығы бағдарламасы негізінде несие алып, асыл тұқымды мал басын көбейтуге бетбұрыс жасаған. Сонымен қатар, аудан бойынша өнеркәсіп өнімінің 83,2 пайызын тау-кен кәсіпорындары құрап отырғандығын атады. Ауданның көптеген өркенді істерін баяндаған Шет ауданының әкімі Марат Жан­­дәулетов БАҚ өкілдері жолдаған сұрақтарға толымды жауап қайырды.

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button