Қарқаралы

Асыл әженің ақ батасы

Ғасыр жасаған кейуана азаматтық парызын үйден шықпай-ақ орындады. Сайлау комиссиясының өкілдері үйіне барып, Шамшабану Ақпарованың дауыс беруіне барлық мүмкіндікті жасады.102 жастағы әже дауыс берді

102 жастағы асыл әже Қарқаралы ауданына қарасты Ақтерек ауылында тұрады. 1921 жылы 1 мамырда сол кездегі Семей облысы, Қайнар ауылының Түлкілі жерінде дүниеге келеді. Өмірлік жолдасы Оралбек Құдышев – Ұлы Отан соғысының ардагері. Екеуі де саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнап, ұстаздық қызмет жасады.

Көзі ашық, көкірегі ояу отбасы ел өміріндегі елеулі оқиғалардан шет қалған емес. Ұстаздық жолдан бөлек қоғамдық шараларда да белсенділік танытумен келген. Бұл жолы да өз дағдысы мен сергектігінен жаңылмай, саяси науқанның ардагері атанды.

– Ел іргесі берік, бейбіт заман, жастарымыз аман болсын! – дейді қарт ана.

12 құрсақ көтерген ананың ақ тілеуі – елдің тыныштығы мен береке-бірлігі.

Дулат ЖҮНІСБЕКҰЛЫ

Қарқаралы ауданы

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button