Жаңалықтар

АСЫЛ ДІНІМІЗГЕ ҚЫЛАУ ТҮСІРМЕЙІК

      Жақында «Нұрлы білім» қоғамдық бірлестігінің дінтанушылары мен мамандары «Қарағандыжылусбыт» мекемесінде болып, еңбек ұжымы мүшелерімен асыл дінімізді  орынсыз жазғырған талдаулар бойынша, жамағат, жиһад, ақида ұғымдары туралы екі жақты ашық әңгіме өткізді.

Бірлестіктің Мақсұт Қожахметов бастаған мамандары ең алдымен «Игил» туралы деректі бейнефильм көрсетті. Көрермендер адасып жүрген бауырларымыздың жайымен танысып, олардың жанайқайын түсінгендей болды. Осыдан кейін әңгіме арнасы өз жүйесін тауып қоя берді. Елді діндегі, тарихтағы, тілдегі, дәстүрдегі, мемлекетіміздің қалыптасуындағы жамағаттың рөлі, еліміздегі қазіргі діни ахуалдың Орта Азия елдерімен салыстырғандағы жағдайы, мұсылманның зиялы және діни білім алуы және оны дамытып отыруы, жиһадтың шынайы мәні қызықтырады екен. Пікірталасқа қатысқан жамағаттың мысалды күнделікті өмірден алуы да олардың діннен тысқары тұрмағандығын көрсетті.

Кездесу соңында мамандар қатысушылар сауалына жауап қайырды.

Төрехан МАЙБАС.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button