Рухани жаңғыру

Астарлы әзіл кеші

    Сейсенбі күні Қарағандыда Көңілді тапқырлар клубы командалары Астананың 20 жылдығына орайластырылған облыс әкімінің кубогін сарапқа салды.

Іріктеуден өткен «Теория большого взрыва», «Жайдарман», «Целиноград» және Теміртау құрама командалары ойынға жақсы дайындықпен келгендігін танытты. Командалар берілген тақырып – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мазмұнын аша отырып, «Таныстыру», «Сергіту» және «Үй тапсырмасы» кезеңдерінде тапқырлықтарын көрсетті. Қонақ ретінде қатысып, көрерменнің көңілінен шыққан «Қарағанды көңілділер мен тапқырлар клубы» көкейтесті тақырыптарға әзілдеп, проблемаларды қозғады.

Тартысқа толы ойындардың қорытындысы бойынша, облыс әкімінің жеңіс кубогін және 350 мың теңге сертификатын «Целиноград» командасы еншіледі. Ал, бірінші орынға «Теория большого взрыва» командасы ие болды. Сонымен қатар, «Жайдарман» құрамасы екінші орынды еншілесе, Теміртаудың «КГИУ «Магнитка» құрамасы үшінші орынға табан тіреді.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button