Қарқаралы

Ашық сайлау, еркін таңдау

Кешегі өткен Президент сайлауынан осындай ой түйіп, демократиялық қоғам талаптары сақталған саяси додаға куә болдық. Сындарлы сәттің мұндай сипатта түйінделуі – ел тағдырына алаңдаған электорат үшін тарихи мүмкіндік.

Тұрғындар зор жауапкершілік танытып, өз таңдауын жасады. Бұл азаматтық сананың әрі саяси мәдениеттің дамып келе жатқанының көрінісі.

Орталық сайлау комиссиясы жариялаған қорытынды бойынша Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 81,31% дауыс жинап, әділ әрі ашық сайлауда айқын жеңіске жетті.

Бұл жеңіс бүкіл халықтың жеңісі! Әділетті Қазақстанның жарқын болашағына жасаған алғашқы қадамымыз сәтті болғай!

Еліміздің осындай маңызды шарасына өз үлесімді қосу мен үшін үлкен мақтаныш.

Мемлекет басшысының әділетті мемлекет, әділетті экономика, әділетті қоғам қағидаттарына негізделген «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін» атты сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылуына мүмкіндік туды деп айтуға болады. Барша қазақстандық Қасым-Жомарт Кемелұлын қолдайды. Себебі, еліміздің басына сынақ туғанда,

Президентіміз елін қорғап, қолдап, сын сағаттарда халқымен бірге бола білді.

Президентімізге біз де халық болып жұмыла қолдау көрсетіп, Әділетті, Қуатты Қазақстанды құру жолында атсалысайық!

Айым КАШИМОВА,

М.Бәпиұлы атындағы N44 орта мектеп жанындағы интернат меңгерушісі,

Қарқаралы аудандық мәслихат депутаты

Басқа материалдар

Back to top button