АймақҚарағанды

«Қарызсыз қоғам» сауаттылыққа бастайды

Соңғы жылдары  құмар ойынға тәуелділік белең алып, несие алатындар қатары артты. Кейбір отбасылар үшін бұл үлкен қасіретке айналды. Президент  жаман әдетке, әсіресе, жастар әуес екеніне назар аударып, мемлекеттік органдарға азаматтардың жекелеген санаттары үшін құмар ойындарға шектеуді күшейтуді тапсырған. Осы орайда 5 ақпанда республикалық «Қарызсыз қоғам» акциясы бастау алады.

Сурет: Автордан

«AMANAT» партиясының мұрындық болуымен өтетін акция  қаржылық сауаттылықты арттырады.

«Қарыз қоғам» 5 күндік курсын оқу үшін «Аманат» партиясының жергілікті филиалына, қалалар мен аудандардың жергілікті әкімдіктеріне хабарласып, жазылу керек.

Ақпан айындағы жоба  Қарағанды, Қарқаралы, Абайда өтеді. 12 ақпанда Теміртау мен Шет ауданында жалғасады.

«Қарызсыз қоғам» жобасының  операторы «Ұлы Дала» РҚБ. Демеушілер қатарында Қазақстанның екінші деңгейлі банктері Қазақстан Халық Банкі, Forte Bank, Хоум Кредит Банк, First Heartland Jusan Bank, RBK Bank, Freedom Finance Bank Kazakhstan, Еуразиялық банк, Altyn Bank, Нұрбанк бар.

Акция аясында 750 мың адамды, оның ішінде 100 мың студентті және 550 мың оқушыны оқыту, мектептер, колледждер мен жоғары оқу орындары үшін әдістемелер мен оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу, қаржылық сауаттылық бойынша білім беру IT платформасын іске қосу жоспарлануда.

 – Биыл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ауыл тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыру міндеттелді. Бағдарлама аясы кеңейіп, Астана, Алматы, Шымкент және Абай, Ақмола қалаларында, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Ұлытау облыстарында жүзеге асты, – дейді  «Аманат» ҚОФ саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Нұрсұлтан Шаменов.

Жобаның мақсаты азаматтарға қаржылық және құқықтық білікті көмек көрсету. Сондай- ақ, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыра отырып, азаматтардың банктік несиелер мен шағын несиелер бойынша проблемалық қарыздарын шешуге көмектеседі.

Жоба аясында  қаржылық сарапшыларды оқытумен қатар, қатысушыларға оқу процесінде заңгерлердің көмегіне кепілдік беріледі. Олар әрбір қарыз алушының несие тарихын жеке зерттеп, қарыз ауыртпалығын жеңілдету бойынша кеңес береді.

Аяулым СОВЕТ,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button