Жаңалықтар

«Арманымның асқағы»

        Қазақстанның ірі мегаполисі, әсем Астана – жастардың қаласына айналып үлгерді. Олай дейтініміз, қазаққа орнықты орда болған еңселі Елордамызға жыл сайын мыңдаған жастар еңбек жолын бастауға аттанады. Өйткені, ел жастары қарыштаған жас қаланың тынысына ғашық. Бұл туралы Елбасы өз сөзінде «Салтанаты жарасқан қаласы бар, байтағы ұшан-теңіз даласы бар, аруақ қолдаған бабасы бар ел екендігімізді мақтан етейік!» деген болатын. Оқырмандар назарына Елордада білім алып, еңбек жолын бастаған қарағандылық жастардың пікірін ұсынамыз.

 

Ақбота ӘБІЛТАЙ,

Халықаралық «ҚазАқпарат» агенттігінің журналисі:

– Астанаға қоныс аударған қарағандылық болсам да, Елордаға бірден бауыр бастым.  Келгеніме көп уақыт өткен жоқ. Бірақ, қазір басқа қалаға көшкім келмейді.Әр облыстан келген замандастарымның белсенді әрі іскер болғандығынан шығар, бізде бос жүруге уақыт жоқ. Осыны ескерген мемлекетіміз әр саладағы талантты әрі жігерлі жастарға жағдай жасап отыр. Оның үстіне, еліміздің ертеңгі болашағы – жастар. Астананың жылдан-жылға гүлденуі заңдылық. Алдағы уақытты басқа жақтан келген жас отбасыларға төмен бағамен үй берілсе, білімді жастарға грант бөлініп, жас қала өзіне жастарды бұдан көп жиса деген тілек бар. Өйткені, Астана – болашақтың қаласы.

 

Нұртілеу СИЯЗБАЕВ,

Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің магистранты:

– 2014 жылдан Астанада қызмет жасап, Қарағандыға оқуым бойынша қайтып келдім. Жас астанамызда жүріп, заман талабына сай білікті болуды үйрендім. Жаңалыққа құштар, шет тілдерін жетік меңгерген жастардың заманы келгенін ұғындым. Бұл жолда еңселі Елордамыз әр бағытта білікті жастардың басын құраған бірден-бір мегаполис екені белгілі. Уақыт өткен сайын Тәуелсіздігіміздің айбары атанған әсем қала жастардың қаласына айналып келеді. Тарихқа сүйенсек, 1998 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша Астана қаласы «Бейбітшілік қаласы» деп аталып, медальмен марапатталды. Бразилияда өткен дүниежүзілік байқауда әлем бойынша 12 жас қаланың ішінен Астана жоғары атақты иеленді. Осының өзі Елордамызда озық технологияның қарыштап тұрғанының белгісі. Жастарды болашаққа бастайтын жас қаламыз -– өнер, білім мен мәдениеттің, спорттың, ғылымның ордасына айналды. Сондықтан, еңселі Елордамызды тек биіктерден көремін.

Аңсар ӘБДІРАХМАНОВ,

Астана қалалық №1 автопарктің инженері:

  • Басында Астана маған жақпады. Себебі жоқ емес. Әрине, әуел баста Астананың  – континентальды аймақ екенін ескерген жоқпын. Оның үстіне қысы –  суық, ал, жазы– құрғақ. Ауа райының өзі жастардың қаласы екенін аңғартады. Оған қоса,  Астана Есіл өзенінде орналасқан. Қазіргі таңда мен үшін Астанадан артық әсем қала жоқ.

Аяулым СОВЕТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button