Руханият

Ардагер ұстазға – айрықша құрмет

    Тәу етер Тәуелсіздік күні қарсаңында Инновациялық технологиялар колледжінің оқытушылары мен студенттері республикаға аты мәлім ардагер ұстаз, техника ғылымдарының докторы, профессор, экология, адам қауіпсіздігі және табиғат ғылымдары халықаралық академиясының академигі Николай ДРИЖДІ мерекесімен құттықтап барды.

Айта кету керек, бұл игі бастама аталған колледждің директоры Нұрбибі Смағұлованың ұйытқы болуымен жүзеге асқан болатын. Николай Александрович студенттерді өзі қызмет ететін «Пайдалы қазбалар мен кен орындарын игеру» кафедрасында қарсы алды. Егде тартқан жасына қарамастан, ардагер ұстаз күні бүгінге дейін оқу орны қабырғасында еңбек етіп, тәжірибесімен бөлісуде. Профессор студенттерге еңбек жолының қалай басталғанын айтып, еткен еңбегі мен жеткен жетістіктері туралы сөз қозғады. Болашақ мамандарға ақ жол тілеп, биік белестерді бағындыруға талпыну керектігін жеткізді. Колледж студенттері ардагерге көкейіндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. 1 курс студенті Оксана Кудряшова «Атамекен» атты өлеңді нақышына келтіре орындап, ақсақалдың ақ батасын алды. Өз кезегінде Нұрбибі Смағұлова мен ұстаздар қауымы, студенттер ғалымға қылқалам туындысын ұсынып, зор денсаулық және ұзақ ғұмыр тіледі.

Айзада БҮРКІТҚЫЗЫ,

колледж директорының орынбасары.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button