Жаңалықтар

Қарағандының да үлесі – қомақты

      Өндірісті өңіріміз «ЭКСПО – 2017» Халықаралық көрмесіне әзірлік барысында қомақты үлес қосты. Қазіргі күні де Көрменің өткізілуіне атсалысушылар мен шараны тамашалау үшін барып жатқан жерлестеріміздің қарасы қалың.

Алғашқыда аймағымыз жергілікті өндірушілердің құрылыс материалдарын жеткізу, «ЭКСПО» нысандарын салу бойынша жобалық ұйымдар мен құрылыс компанияларының жұмысын жүзеге асыруға күш салды. Нәтижесінде, облыстағы 29 кәсіпорын 9,5 млрд. теңге көлемінде өнім жеткізіп, 7 кәсіпорын құны 257,5 млн. теңгені құрайтын қызметін ұсынды. Көрмені тамашалауға келген шетелдік қонақтарға ақпараттық қызмет көрсету үшін облыстағы ЖОО-лардан үш тілге жетік, мәдени-бұқаралық іс-шаралар жүргізуде машығы бар 250 ерікті таңдалып алынды.

Білуімізше, аймақ тұрғындары арасында әлемдік шараға деген қызығушылық күн санап артып келеді. Негізі, Қарағанды облысынан «ЭКСПО-ға» 200 мың адам қатысады деп болжам жасалды. Бюджет қаражаты есебінен 3750 оқушының да қатысуын қамтамасыз ету қолға алынды.

Көрме уақытында өңірдің ауыл шаруашылығы саласы 8964 тонна азық-түлік тауарын өндіру және жеткізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, осы жылдың 4-9 қыркүйегінде Қарағандының мәдениет күндері шеңберінде облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы тарапынан 21 мәдени-сауықтық іс-шара ұйымдастыру көзделген.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button