Бас тақырыпЖаңалықтарСпорт
Қарағандылық велошабандоздар Азия чемпионатында төрт медаль еншіледі
Үндістанның Нью-Дели қаласында өткен Азия чемпионатында Қарағанды облысынан 6 спортшы қатысып, 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.
Жарыстың бірінші күні қарағандылық велошабандоз Илья Қарабутов 4 шақырымдық қашықтыққа қола жүлдені жеңіп алды. Сонымен қатар, Қарағанды велоспорт мектебінің оқушысы Динара Көпжасарова жарыстың осы түрінен күміспен күптелді.
Чемпионатының соңғы күнінде элиталық санатта өнер көрсеткен қарағандылық Кирилл Курдиди 1000 метрге жүгіруде қола жүлдеге қол жеткізсе, топтық іріктеу жарысында Динара Көпжасарова үшінші орын алды.
Айта кетейік, велоспорттан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 16 медаль жеңіп алса, соның төртеуі қарағандылық велошабандоздардың еншісінде.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ