Бас тақырып

Теміртаулық қос спортшы Париж Олимпиадасының жолдамасына ие болды

Теміртаулық қос спортшы, Қарағанды жүзу мектебінің тәрбиеленушілері Ясмин Тұяқова мен Арина Пушкина Парижде өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды. Бұл туралы туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінен

Олимпиада ойындарына жолдамаға жерлестеріміз су спортынан Катардағы   әлем чемпионатының қорытындысы бойынша ие болды.

– Командалық жарыс қорытындысы бойынша ОО-2024 квотасына АҚШ, Испания, Жапония, Италия және Канада құрамалары ие болды. Бұл нәтиже аталмыш ұжымдарға дуэттер арасындағы жарыстарда да өнер көрсетуге мүмкіндік береді, – деп атап өтті министрлік.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button