Жаңалықтар

Қарағандылық құтқарушылар Түркістан облысына аттанды

Қарағандылық құтқарушылар Түркістан облысының су астында қалған ауылдарына көмек көрсетуге аттанды. Десант  инженерлік, су сорғыш техникамен және жүзу құралдарымен жабдықталған.

Құтқарушылар тобы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің тапсырмасы бойынша жасақталған. Олар Түркістан облысына Мақтаарал ауданының елді мекендеріндегі су басу салдарын жою бойынша апаттық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге көмек көрсетеді. 

Марш басталмас бұрын Қарағанды облысының ТЖД бастығы Ибрагим Күлшімбаев жеке құраммен нұсқаулық өткізді. Негізгі назар жеке құрамның, техника мен жабдықтардың дайындығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ қауіпсіздік техникасы мәселелеріне аударылды.

Қарағанды облысының ТЖД бастығы жеке құрамнан құтқарушыларға жүктелген міндеттерді шешу кезінде барынша төзімділікті көрсетуді талап етті.

 

Басқа материалдар

Back to top button