Тарих

Қарағандылық археологтар ерекше ескерткішті зерттеуде

Биылғы жылы қарағандылық археологтар Тобылды қорымындағы жерлеу ескерткіштерін, қола дәуіріндегі күйме арбамен жүру мәдениетін зерттеуде, деп хабарлайды  Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жұмыстар Қарағанды облысының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының тапсырысы бойынша жүргізілуде.

Тобылды қорымы Шет ауданында, Талды ауылынан 9 шақырым және Қаражартас қорымынан 4 шақырым қашықтықта орналасқан. Зерттеулер алдыңғы қатарлы ғылыми қызметкер Игорь Кукушкиннің жетекшілігімен Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ жанындағы Сарыарқа археологиялық институтының қызметкерлерімен жүргізіліп жатыр.

Археологтардың мәлімдеуінше, жақын арада осыдан шамамен төрт жыл бұрын қола дәуірі кезінде жерленген күйме арбамен жүретін жауынгердің қабірі ашылады.

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ақпаратына сай, Шет ауданындағы қабір ескерткіштерін зерттеу барысында жүген ауыздығымен бірге көмілген жылқы, найзаның тастан қашалған ұшы, садақ оғының тастан жасалған ұшы, найзаның қоладан жасалған ұшы, алтын жалатқан салпыншақ пен көптеген керамикалық ыдыс-аяқтардың қосарланып жерленгені анықталған.

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button