АймақЖаңалықтар

Қарағандыда жылы аялдаманың әйнегін шағып кеткендер іздестірілуде

Бұзақылардың әрекетінен тағы бір жылы аялдама бүлінді. Белгісіз біреулер павильонның әйнегін сындырып кеткен. Қазыбек би ауданы әкімдігінің қызметкерлері кейбір мәдениетсіз қала тұрғындарының вандализміне шағымданып, полицияға арыз түсірді.

Сурет: rutube.ru

– Аталған факті бойынша кінәлілерді анықтау және аялдама павильонын қалпына келтіру, жауапкершілікке тарту үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізілетін болады. Сондай-ақ, саналы азаматтардан құқық бұзушылықтың куәгері болған фактілер туралы хабарлауын сұраймыз, – дейді Қазыбек би ауданының әкімдігі.

Қарағанды облысының полиция департаменті бұған дейін 2023 жылы Қарағандыда көлік аялдамаларын қасақана бұзудың жеті оқиғасы тіркелгенін айтады. Бұзақылардың бірі жауапқа тартылып, полицейлер жылы аялдамаларда алкогольдік ішімдік ішкен тағы 25 адамды ұстаған.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button