Жаңалықтар

Қарағандыда – жаңа федерация

Қарағандыда «Жеңіс» әуесқой спорт федерациясының тұсауы кесілді. «Шахтер» стадионында өткен ашылу салтанатына орай шағын футбол турнирінің жалауы желбіреді.

Тұсаукесер рәсімге федерация президенті Дмитрий Фролов, Қарағанды қаласының Құрметті азаматы Камалтин Мұхамеджанов, ҚР еңбек сіңірген бапкері Нұрғазы Жарылғапов, «Шахтер» футбол клубы жастар құрамасының бапкері Сергей Мищенко қатысты.

Салтанатты рәсімде Дмитрий Фролов федерация құрудағы мақсатымен бөлісті. Федерация үлкен спортпен қош айтысқан спортшыларға көмек көрсетумен айналыспақ. Осында барлық ниет білдірген бұрынғы спортшылардың басын қосып, түрлі додаларға ұйытқы болмақ. Бүгінде Фроловтың бастамасына қолдау көрсетіп отырған азаматтар баршылық екен.

Ресми бөлімнен кейін турнирге кезек берілді. Қорытындысында «Үштөбе» командасы биіктен көрінді. ІІ орынды «Авангард» командасы еншіледі. Үшінші сатыға «ТЧЭ – 14» жігіттері тұрақтады.

Нұрқанат ҚАНАФИН,

«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button