Жаппай улану: алты бала әлі жансақтау бөлімінде
Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасында жаппай улану салдарынан ауруханаға түскен балалардың жағдайы туралы айтты. Бүгінгі күнге әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында зардап шеккен алты бала жансақтау бөлімінде қалып отыр.
– Стационарлық емдеудегі балалардың жағдайы тұрақты. 1-тамызда түскен екі баланың біреуінің жағдайы орташа ауыр дәрежеде, екінші баланың жағдайы – қанағаттанарлық. Екеуі де бөлімшеде, – деді облыстың денсаулық сақтау басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Ирина Тасмағамбетова.
Қазіргі уақытта облыстық клиникалық аурухананың инфекциялық орталығының бөлімшесінде емделіп жатқан екі баланың жағдайы жақсаруына байланысты ауруханадан шығарылды. Олар медициналық-әлеуметтік мекеме дәрігерінің бақылауында.
Арнайы әлеуметтік қызметтер орталығында емханалардың медицина қызметкерлері тарапынан кезекшілік ұйымдастырылғанын айту керек.
Салтанат ІЛИЯШ,
Ortalyq.kz