ҚарағандыАймақБас тақырып

Қарағандыдағы «Сарыжайлау» кинотеатры уақытша жабылды

Қарағандыдағы Кеншілер сарайы жанындағы «Сарыжайлау» кинотеатры 20 шілдеден бастап уақытша жұмысын тоқтатты. Бұл жайлы кинотеатр ұжымы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Кинотеатр басшысы Саят Әбдіғалидің айтуынша, ғимараттағы еденнің шамамен үштен бір бөлігі тозғандықтан жөндеу жұмыстары басталған. Қазіргі таңда жөндеуге қажетті материалдар сатып алынды.  Ғимараттағы жұмыстар шамамен 10 күнге созылады.

«Қазір демалыс маусымы болғандықтан келушілер аз. Сондықтан жөндеу жұмыстарын осы кезеңде жүргізуді жөн көрдік. Жақын күндері кинотеатр қайта жұмысын бастайды», – деді ол.

Айта кетейік, «Сарыжайлау» кинотеатры биыл ақпан айындағы үш айлық үзілістен кейін техникалық жабдықтарын жаңартып, қайта ашылған болатын. 

Диас СЕЙЛҒАЗИН
Е. Бөкетов атындағы ҚарҰЗУ-дың студенті

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button