ЖаңалықтарСпорт

Қарағандыда шаңғыдан жарыс өтеді

24 ақпанда орталық саябақта шаңғыдан жарыс өтеді. Қарағанды қаласының 90 жылдығына арналған шараға 10 жастағы мектеп оқушысынан бастап, зейнет жасындағы кез келген әуесқой спортшылар қатыса алады.

Сурет:дене шынықтыру және спорт басқармасынан

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше жарысқа қатысу үшін алдын ала тіркелу керек. Өтініштер 22 ақпан, сағат 13:00-ге дейін wintersport_kz@mail.ru электронды поштасы немесе 8 (701) 499 00 40 телефоны бойынша WhatsApp арқылы қабылданады. Жарыс 24 ақпан сағат 10:00-де басталады деп жоспарлануда.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Back to top button