Бас тақырыпЖаңалықтар

Қарағандыда өрт кезінде алты адам көмірқышқыл газынан уланды

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше оқиға бүгін түскі ас кезінде болған. Сатыбалдин көшесіндегі көпқабатты үйдің бірінші қабатындағы пәтерден өрт шығып, тұрмыстық заттар мен жиһаздар өртенген. Өрт салдарынан алты адам көмірқышқыл газынан уланып, ауруханаға жеткізілді.

Сурет:myshared.ru сайтынан

– 5 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерден өрт шықты. Өрт сағат 13:09-да сөндірілді. Төтенше жағдайлар қызметінің күштері құтқару қақпағын пайдаланып 9 адамды құтқарды. Жедел жәрдем бригадасы мен құтқарушылар өрт орнынан 6 адамды, оның ішінде көмірқышқыл газымен улану диагнозымен екі баланы алып шықты. Өрттің шығу себебі анықталуда, – деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге жеке құрамның 24 адамы, 6 бірлік авариялық-құтқару техникасы, сондай-ақ «ЦМК» федералды мемлекеттік мекемесінен 4 адам мен бір техника жұмылдырылды.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button