Қарағандыда мың терек отырғызылды
Ә.Бөкейхан атындағы ауданның Қазақстанның 50 жылдығы саябағына пирамидалы теректер көшеті отырғызылды. Жасыл желектерді отырғызу «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында жалғасты. Қала шеттері де назардан тыс қалмайды.
Акцияны жүзге жуық адам қолдады. Онда еріктілер, қоғам белсенділері, мемлекеттік қызметкерлер және қарапайым тұрғындарбар. Саябақты көгалдандыруға ата-аналар балаларымен бірге келген. Мұнда тұрғындардың өздері бақылайтын 20 «отбасылық» көшет пайда болды.
Акция барысында балаларға ағаштарды қалай дұрыс егу және күту керектігі үйретілді. Сондай-ақ табиғатқа қамқорлық пен ұқыптылық танытуға шақырды.
– Біз барлық тұрғындарды қаламызды көгаллдандыруға шақырамыз. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуге ерекше назар аударғым келеді. Сондықтан ата-аналарды балаларымен бірге ағаш егуге шақырдық. Ең бастысы – жасыл кеңістікке дұрыс күтім қажет. Біз мұны қадағалайтын боламыз, – деді Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бақтияр Санбаев.
Биыл Қарағанды облысында 130 мыңнан астам ағаш егілді. Оның ішінде мемлекеттік орман қоры аумағы 90 мың үйеңкі, қарағай, қарағаш көшеттерімен толықты.
Қалалар мен ауылдық елді мекендерде 40 мың ағаш егілді. Сондай-ақ, «Таза Қазақстан» акциясы барысында өзендер мен көлдердің жағалаулары мен арналары ретке келтіріледі. Жыл басынан бері 125 су айдыны тазартылды
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.