АймақБас тақырыпҚарағанды

Қарағандыда машина жасау зауытынан өрт шықты

Бүгін сағат 06:32-де Қарағанды қаласында Ә. Бөкейхан ауданындағы Амангелді көшесі, 26 мекенжайында орналасқан «Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауыты» ЖШС аумағындағы цехтың шатырынан өрт шықты.

Суреттер: облыстық ТЖД

Өрт сөндірушілер 400 ш.м. алаңдағы өртті оқшаулап, сағат 08:22-де өрт ауыздықталды.


Өртті жоюға облыс ТЖД күштерінен 66 адам мен 17 бірлік техника жұмылдырылды.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button