АймақЖаңалықтар

Қарағандыда автокөліктерге қызмет көрсету орталығы өртенді

Кеше Қарағандыдағы көліктерге қызмет көрсету орталығында өрт шығып, салдарынан екі көлік жанып кетті. 

Сурет:ТЖД

20 ақпан күні сағат 20:57-де Қарағандыда Ермеков көшесінде орналасқан екі қабатты автосервис ғимаратында өрт шықты. Жалпы алаңы 30 шаршы метр аумақта төбенің ағаш қаптамалары мен ағаш сөрелер, сондай-ақ автокөліктерге қызмет көрсету орталығының ішіндегі “ BMW” және “Daewoo Nexia” көліктері жанып кетті, – деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.

Белгілі болғандай, өртті сөндіруге жеке құрамнан 28 адам мен 6 техника жұмылдырылып, тілсіз жау 21:41-де ауыздықталған. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button