Ресми
Қарағандыда күзгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді
Қарағандыда облыстық ауыл шаруашылық жәрмеңкелері басталады. Біріншісі 12 қазанда Global City СОО аумағында өтеді. Келесі екеуі 24 қазан мен 2 қарашаға жоспарланған.

Жәрмеңкелерде ауыл шаруашылық, ет сүт өнімдері және облыс өндірушілерінің тауарлары орташа нарықтық құннан төмен бағамен ұсынылатын болады.
Сауданың басталуы – 09:00.
Global Сity СОО 134-ші есептік тоқсан, 921-ші құрылыс мекенжайында орналасқан.
Жәрмеңке орнына келесі автобустармен жетуге болады: № 5, 19, 31, 40, 56, 63, 70, 146, 02, 29.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.