Бас тақырыпЖаңалықтар

Қарағандыда екі шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Облыстың Полиция департаментінде миграциялық заңнаманы бұзғаны үшін екі қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды  NV.kz.

Қоғамдық тәртіпті сақтаумен қамтамасыз ету мақсатында облыстық ПД Миграциялық қызмет басқармасы “Мигрант” жедел іздестіру шарасын өткізді.  

Шара барысында Осакаров ауданында 31-жастағы Өзбекстан Республикасның азаматы анықталып, миграциялық  заңнаманы бұзғаны үшін сот тарапынан айыпты деп танылып, ел аумағынан шығару түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Дегенмен, осы кезге дейін сот шешімі орындалмады. Аталмыш факт ҚК, 393 бабы бойынша “ел аумағынан шығару шешімін орындамау” СДТБТ тіркелген. 

Осы сияқты заңбұзушылық жасаған Жезқазған қалалық полиция басқармасы қызметкерлері тарапынан Азербайжан Республикасының 61 жастағы азаматы анықталды. “Мигрант” ЖІШ шарасын өткізу барысында заң бұзған шетел немесе азаматтығы жоқ азаматтар ҚР заңнамасы бойынша әкімшілік жауапкершілікке 351 шетелдік тартылған. 

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 36 азаматы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Басқа материалдар

Back to top button