АймақҚарағанды

Қарағандыда «Ақжолтай» мұз спорт сарайы кешенінен өрт шықты

Бүгін сағат 13.36-да Бұқар жырау даңғылы, 53А мекенжайы бойынша өрт шыққаны туралы ТЖД пультіне хабарлама келіп түскен.

 

Өрт «Ақжолтай» мұз спорт сарайы кешенінің 1 қабатындағы «5 карманов» дүкенінің қоймасынан шыққан.

 

Алдын ала мәлімет бойынша тілсіз жау 40 шаршы метр аумақты құраған. Зардап шеккендер жоқ. Өрт 14.45-те ауыздықталды.
Өртті жоюға жеке құрамның 66 адамы мен 16 техникасы, ТЖД күштері жұмылдырылды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button