Қарағандыдағы Асфальтная көшесінде, №3 автобус паркінің маңында ерекше тақырыптық аялдама пайда болды. 2011 жылы шығарылып, ұзақ жылдар бойы осы автопаркте жолаушыларға қызмет көрсеткен автобус аялдама павильонына айналды. Бұл жайлы Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Кожухов әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті.

Қазір мамандар жарықтандыру жүйесін орнатып, маршруттық көрсеткіш бағыттарын қойып, соңғы әрлеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Барлық монтаж жұмыстары жақын арада аяқталып, жаңа аялдама пайдалануға беріледі.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



