Қарағандыда №19 автобус жүргізушісі зейнеткерді қағып кетті
Бүгін, 1 қыркүйекте теміржол вокзалының кіреберісіне апаратын жаяу жүргіншілер өткелінде № 19 жолаушылар автобусының жүргізушісі 71 жастағы әйелді қағып кетіп, үстінен басып өткен.
Зардап шегуші дөңгелек астында қалып, ауыр жарақаттар алуына байланысты оқиға орнында жедел жәрдем қызметі келгенше қайтыс болды.
– 1 қыркүйек күні сағат 14:31 шамасында, вокзал маңындағы алаңда №19 автобустың 46 жастағы жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде адам қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 71 жастағы жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды,- деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аталмыш іс полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz