Бас тақырыпРесми

Қарағанды құю-машина құрастыру зауыты толықтай жаңғыртылады

«Атамекен» ҚР ҰКП Президиум Төрағасы Тимур Күлібаев Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында жергілікті кәсіпорындарды аралап шықты. Ол «Maker» ЖШС Қарағанды құю-машина құрастыру зауытын (ҚҚМҚЗ) жаңғырту барысымен танысып, бірінші мамандандырылған аллергологиялық орталықта болып қайтты, – atameken.kz


«Maker» Қарағанды құю-машина құрастыру зауыты – аймығымыздың ірі кәсіпорынбарының бірі. Негізгі қызмет түрі – тау-кен – шахта құрылғыларын жасап шығару және өндіру, «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС кәсіпорнын қосалқы бөлшектермен және машина құрстыру бағытындғы жабдықтармен қамтамасыз ету. 
2014-ші жылы «Өнімділік-2020» бағдарламасы бойынша кәсіпорынды жаңғырту жұмыстары басталды. Зауыт кешендік жоспар құруға жұмсаған шығындарының 7,9 млн теңгесін қайта алды, сондай-ақ 4,2 млрд теңге көлемінде жеке қаражат, 10 млрд теңге қарызға қаржы алып салған. Атқарушы директор Александр Нарежневтің айтуынша, 2018-ші жылдың соңына қарай кәсіпорын толықтай жаңғыртылатын болады. Мұнда қазірдің өзінде қазіргі заманғы роботтандырылған жабдықтар орнатылған, шығарылатын өнімнің сапасы жақсарып, көлемі ұлғайған. Бүгінгі таңда 12 млрд теңгеге 287 бірлік негізгі, қосалқы және өлшеуіш құрылғылар қойылып іске қосылды. Ол нақты нәтижелерін беріп жатыр – екі жылда өнім өндірісін 3,1 млрд теңгеден 6,6 млрд теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік туды. 
Кәсіпорын ҚР Инвестициялар және даму бойынша министрлігімен жабдықтарды импорттау кезінде баж төлеуден босату жеңілдігін алу туралы келісімшар орнатты. 
Тимур Күлібаев зауыттың жетістіктері мен оның жаңғыруын атап айтты. Ол өз кезегінде бәсекелестік деңгейін жоғарылатып, өз жеке өндірісін арттыруға септігін тигізеді. Ол Аймақтық кәсіпкерлер палатасына облыс әкімдігімен бірлесе отырып отандық тауар өндірушілердің Бірыңғай реестріне енгізу үшін жергілікті әлеуетті өндірушілердің тізімін жасау туралы ұсыныс айтты. 
Тимур Күлібаевтың аралап қайтқан тағы бір нысаны мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде құрылған бірінші облыстық мамандандырылған аллергологиялық орталық болды.
– Ауданы 1 300 шаршы метр орталық бір ауысымда 100 науқасты қабылдауға шақталған. Ол Olymp Medical Grouр компаниясының есебінен құрылған. Салынған қаражат 500 млн теңгеге жуық, оның жартысы заманауи жабдықтарды алуға жұмсалды. Біз зертxаналық зерттеулер арқылы 200-ден астам аллергендерді анықтай аламыз, 10-нан астам тері сынақтарын жасаймыз. Қызметтерді емделушілер мемлекеттік тапсырыс бойынша тегін ала алады, – деді «Olymp Medical Group» ЖШС бас директоры Тимур Сүлейменов.
Орталық базасында Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінің иммунология және аллергология кафедрасы ашылды. Клиникада сонымен қатар түрлі ғылыми зерттеулер де өткізіледі. 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button