Руханият

Қарағанды симфониялық оркестрінің жаңа маусымы басталды

«Шалқыма» концерт залында 30 қыркүйек күні сағат 17.00-де Еркеғали Рахмадиев атындағы Қарағанды академиялық симфониялық оркестрінің жаңа шығармашылық маусымы өз жұмысын бастайды.

Сурет ұйымдастырушылардан

Концерт қонақтары – Қазақстанның FORTE TRIO мемлекеттік триосы. Оның құрамында «Құрмет» орденінің кавалері, профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Тимур Орманшиев (фортепиано), «Шабыт» халықаралық фестивалінің Гран-при иегері Мақсат Жүсіпов (скрипка) және Rossini International халықаралық байқауының Гран-при иегері Мұрат Нарбеков (виолончель) бар.

Бағдарлама аясында Е.Брусиловский «Дударай», Л.Ван Бетховен скрипка, виолончель және фортепианоға арналған үштік концерт до мажор, оп. 56, А. Дворжак № 8 Симфония соль мажор, оп. 88 шығармаларын ұсынатын болады.

Дирижер – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Петр Грибанов.

Билеттерді «Шалқыма» концерт залының кассасынан немесе ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.

Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button