Бас тақырыпЖаңалықтар

Қарағанды полицейлері «Арай» базарында бақылау-өткізу бекетін орнатты

Қарағандыда «Арай» базарына бақылау-өткізу бекеті қойылды.

Суреттер: ПД

– Мал ұрлығын анықтау және алдын алу мақсатында облыстық полиция департаменті басшылығының қаулысымен Қарағанды қаласындағы ет өнімдері сатылатын «Арай» базарының аумағында бақылау-өткізу пункті орнатылды. Полиция қызметкерлері ет өнімдерін тасымалдайтын көліктерді тексеруде, – деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары ет және ет өнімдерін тасымалдаумен айналысатын барлық азаматтардың өзімен бірге 2 нысандағы ветеринариялық анықтама болуы керектігін еске салады. Бұл бланкі ет өнімдерінің сапасы туралы сертификат болып табылады. Өткен түнде полиция қызметкерлері ет өнімдерін тасымалдайтын 35 көлікті тексерді. Осылайша екі заң бұзушылық анықталды. 56 жастағы облыс тұрғыны қажетті құжаттарсыз ет тасымалдағаны үшін жауапқа тартылды. Сондай-ақ мән-жайды анықтау үшін полиция бөліміне «Фольксваген Пассат» автокөлігімен тиісті құжаттарсыз ет тасымалдап келе жатқан облыс ауылдарының бірінің 25 жастағы тұрғыны жеткізілді.

Айта кетейік, қыркүйек айының соңында аймақ жолдарында 18 жылжымалы бақылау бекеті орнатылған болатын. Өткен жылы осы бекеттердің бірінде полиция қызметкерлері Ағадыр ауылында асыл тұқымды араб жылқысын соғымға сату мақсатында ұрлап кеткен екі азаматты ұстаған.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button