Қарағанды облысының барлық аумағына карантин енгізілді
2020 жылдың 7 сәуірі сағат 00.00-ден бастап Қарағанды облысы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің ағымдағы жылдың 5 сәуіріндегі № 10 қаулысы күшіне енеді. Бұл жерде мынаны атап көрсету қажет:
– Қарағанды облысының барлық аумағы бойынша карантин жарияланады.
– Қарағанды, Абай, Саран, Теміртау, Шахтинск қалаларының, сондай-ақ Бұқар жырау ауданының Доскей, Үштөбе, Көкпекті, Ботақара, Петровка, Ғ.Мұстафин атындағы елді мекендерінің тұрғындары үшін ерекше жағдайлары бар карантин режимі енгізіледі.
Осы қаулымен келесі шаралар қарастырылған:
Ерекше жағдайдағы карантин режиміндегі қалалар мен кенттер үшін:
Төмендегі жағдайларды қоспағанда, азаматтардың тұрғылықты жерлерінен шығуына тыйым салынады:
– тұрғылықты жерінен жұмыс орнына және кері қайтуға;
– тұрғылықты жерінен және (немесе) жұмыс орнынан 1500 метрден аспайтын қашықтықтағы тамақтану, фармацевтика және медициналық мақсаттағы бұйымдарды дүкендерден және дәріханалардан сатып алу;
– медициналық көмекке шұғыл жағдайда шығу;
– үйден 500 метрден аспайтын қашықтықта үй жануарларын шығару (карантиндеги үйлер мен дәліздерден басқа), сонымен қатар төтенше жағдайда жақын жердегі ветеринариялық клиникаға баруға;
– тұратын жерге жақын жанармай құю станциясына жанармай сатып алу үшін келуге;
– банктік операцияларды жүргізуге.
– сауда орындары мен дәріханаларда, сондай-ақ жұмыс орындарында бір-бірінен кемінде екі метр қашықтықты ұстануға;
– жерлеу рәсімдері кезінде кемінде екі метр қашықтықты сақтаумен, 10 -нан көп адамның (негізінен отбасы мүшелерінің) жиналуын болдырмау.
• көшеде және басқа да қоғамдық орындарда үш адамдық (топ мүшелерін қоспағанда) топтардың жиналуына тыйым салу;
• кәмелетке толмағандардың ересектермен бірге жүруіне тыйым салу;
65 жастан асқан адамдарға төтенше жағдайларсыз тұрғылықты жерлерден шығуды шектеу;
Карантинді енгізу кезінде Қарағанды облысының қалған тұрғындары үшін:
Азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алуды, жұмысқа және банктік қызметті қоспағанда, азаматтардың тұрғылықты жерлерінен шығуын шектеу;
• дүкендер мен дәріханаларға барған кезде және қоғамдық көліктерде, сондай-ақ жұмыс орындарында бір-бірінен кемінде екі метр қашықтықты сақтау;
• көшеде және басқа қоғамдық орындарда үш адамнан артық топтардың (отбасы мүшелерін қоспағанда) жиналуына тыйым салу;
• кәмелетке толмағандардың ересектерсіз жүруіне тыйым салу;
65 жастан асқан адамдарға көшеге шықпауға кеңес беру;
• жерлеу рәсімдері кезінде кемінде екі метр қашықтықты сақтаумен 10 -нан көп адамның (негізінен отбасы мүшелерінің) жиналуын болдырмау.
Осы қаулының нормалары бұзылған жағдайда, кінәлі тұлғалар ҚР ӘҚБтК 476-бабы 3-тармағы «Жиналыстар, митингілер, шерулер мен демонстрацияларға, сондай-ақ ойын сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салу», сондай- ақ «Карантин және басқа да міндетті санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізу» 6-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.
Қарағанды облысының ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы