Жаңалықтар

Қарағанды облысының ақындары арасындағы «Дүниеге келер әлі талай Қасым» атты облыстық жыр мүшәйрасының (байқау) ЕРЕЖЕСІ

     Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы 2017 жылдың 6 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында баяндалған «Туған жер» жобасы аясында және Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай облыс көлеміндегі қазақ және орыс тілді ақындар арасында Қасым Аманжолов атындағы «Дүниеге келер әлі талай Қасым» атты облыстық жыр бәйгесін өткізеді.

Мүшәйраның мақсаты:

Қасым Аманжолов мұрасын насихаттай отырып, облыс аумағында  поэзияның дамуына ықпал ету, жас ақындардың шығармашылығына қолдау көрсету және еркін елдің жарқын жетістіктерін, өткен тарихы мен кемел болашағын қара өлеңнің құдіретімен қалың жұртшылыққа паш ету.

Шарттары:

– мүшәйраға 18-40 жас аралығындағы үміткерлер қатыса алады;

– үміткерлердің қазақ және орыс тілінде жазылған шығармалары қабылданады;

– ұсынылған шығармалар (3 өлең) Қасым Аманжоловқа, Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған және еркін тақырыпта болуы керек;

– әр өлең көлемі 400 жолдан аспауы керек;

– қатысушылардың жол ақысын жіберуші жақ немесе қатысушының өзі төлейді;

– шығармалар қағаз және электрондық нұсқада  Microsoft Word форматында (14 кегльде (шрифт),  жоларасы 1 интервал, Times New Roman қарпімен)  жіберіледі;

– талапқа сай келмейтін үміткерлердің шығармалары қабылданбайды;

– үміткерлікке ұсынылған шығармалар қайтарылмайды және пікір берілмейді.

Мүшәйра 2 кезеңнен тұрады.

І. Іріктеу кезеңі (25 тамыз)

ІІ. Ақтық сын (6 қыркүйек)

Үміткерлердің шығармаларын бағалау кезінде:

– ұсынылған шығармалар тақырыбының байқау мақсатына сәйкестігіне;

– шығарманың тақырыптық-идеялық мазмұнына;

– туындының көркемдік сапасына;

– автордың сөз саптау мәнері, стильдік ерекшелігіне назар аударылады.

Барлық тіркелген шығармаларды байқаудың  қазылар алқасы алдын ала қарап, талдау жасайды және бағалайды.

Ақтық сынға әділқазылар алқасының шешіміне сәйкес іріктеу кезеңінен өткен 10 үздік ақын ғана қатыса алады.

Мүшәйраның жеңімпаздары дипломдар және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Бас жүлде (біреу) – 300 000 (үш жүз мың) теңге

І орын (біреу) – 200 000 (екі жүз мың) теңге

ІІ орын (екеу) –  150 000 (жүз елу мың) теңгеден

ІІІ орын (үшеу)  – 100 000 (жүз мың) теңгеден

Ынталандыру сыйлығы (үшеу) – 15 000 (он бес мың) теңгеден

Мүшәйраға ат салысып, қосымша қолдау білдіреміз деген азаматтар болса қарсылық болмайды.

Мүшәйраға  қатысу үшін үміткердің тапсырыстары (аты-жөні, жұмыс немесе оқу орны, байланыс телефондары көрсетіле отырып, жеке куәлігінің көшірмесімен қоса), А4 форматындағы конвертке салынған шығармасы (электронды және қағаз нұсқасы) 2017 жылғы 18 тамызға дейін Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында (100008, Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 34 үй, тел.: 567476, 569348-ф, b.altynbek@karaganda-region.gov.kz) қабылданады.

 

№275.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button