Бас тақырыпОблыс әкімі

Қарағанды облысында Шахтерлер күні тойланды

Қарағанды облысының тұрғындары кеншілердің кәсіби мерекесін үш күн бойы тойлады. Аймақ басшысы Ерлан Қошанов пен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Бас директоры Парамжит Калон Саран, Абай және Шахтинск қалаларында болып қайтты. Олар Шахтерлер күнімен көмір өнеркәсібінің ардагерлері мен қызметкерлерін құттықтады.


– Бүгін мен сіздерге қажырлы еңбектеріңіз үшін Елбасы мен ел Президентінің атынан алғыс айту үшін арнайы келдім. Кеншілер күні – біздің өлкеміздің сүйікті мерекесі. Қарағанды облысын дәстүрлі түрде кеншілер өңірі деп атайды және де біз оны мақтан тұтамыз, – деді құттықтау сөзінде Ерлан Қошанов. – Елбасы өзінің құттықтау жеделхатында шахтерлердің жұмысын жоғары бағалады. Ол кеншілерге әрдайым үлкен құрметпен қарайды және кеншілер еңбегінің қаншалықты қиын екенін біледі.

Бұл күндері Қасым-Жомарт Тоқаев біздің облысқа сапармен келіп қайтқан болатын. Ол мемлекет тарапынан өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру бойынша шаралар жалғасатынын атап өтті.
Облыс әкімі билік шахтерлік қалалардағы жайлылықты жақсарту және тұрмыс сапасын арттыру үшін барлық мүмкіндіктер жасалатынына сендірді. Әлеуметтік мәселелер шешілуде, тұрғын үй салынуда, жолдар мен аулалар ретке келтірілуде, деп атап өтті. 
«Шахтерская слава» вокалдық байқауында шахталардың жұмысшылары өздерінің әншілік таланттарын көрсетті. Қарағандыда сүйікті қаламызға арналған дәстүрлі ретро-концерт өтті. Қарағандылықтар үшін орталық саябақтың жағалауында Венгриядан, Испаниядан, Сербиядан және Италиядан келген Jezkiik этникалық музыка фестиваліне қатысушылар өнер көрсетті.
Салтанатты кеш мерекелік отшашумен аяқталды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Back to top button