Бас тақырыпОблыс әкімі

Қарағанды облысында кадрлық өзгерістер болды

Қарағанды облысында бірқатар кадрлық ауыс-түйістер орын алды. Бұл туралы аймақ басшысы Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде мәлім болды.

Облыс әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі лауазымына 45 жастағы полковник Қанат Әбілханов тағайындалды. Бұған дейін ол Қарағанды облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған. Екі жоғары білімі бар: «инженер-механик» және «заңгер» мамандықтары бойынша. Қарағанды политехникалық институтын және Қарағанды өзекті білім беру институтын бітірген. Еңбек жолы әскери қызметпен тікелей байланысты. Саран, Қарағанды, Шахтинск, Жезқазған қалалары және Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің Қарағанды облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы қызметіне Ербол Сырғабеков тағайындалды. Бұған дейін ол Түркістан облысындағы инспекцияны басқарды. Бұрын осы салада және республиканың басқа өңірлерінде кеден қызметінде жұмыс істеген.

Қаржы министрінің бұйрығымен Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып Қайрат Орқашбаев тағайындалды. Ол осы құрылымда басшының орынбасары болып еңбек етті. Қостанай облысының салық қызметінде және Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің бақылау департаментінде жұмыс істеді.

Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің «Орталыққазжерқойнауы» Орталық Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаментінің басшысы болып Нұрлан Мауқұлов тағайындалды. Ол осы департаментте басшының орынбасары болып жұмыс істеді. Бұрын облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп, өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармаларында әртүрлі лауазымдарда еңбек еткен.

Қорғаныс министрінің бұйрығымен Қарағанды облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы лауазымына подполковник Жанас Құнанбаев тағайындалды. Бұған дейін ол осы департаментте бастықтың бірінші орынбасары болып жұмыс істеді. Әскери қызметте 2003 жылғы тамыздан бастап (келісімшарт бойынша) қызмет атқарып келеді. Бұқар жырау, Осакаров аудандарының қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерін басқарған.

Басқа материалдар

Back to top button