Қарағанды облысында 2021 жылының басынан бері COVID-19-дың зертханалық жолмен расталған 4 827 жағдайы тіркелген
Қарағанды облысында 2021 жылының басынан бері COVID-19-дың зертханалық жолмен расталған 4 827 жағдайы тіркелген, 100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттанушылық көрсеткіші 47,6-ны құрады. Репродуктивті саны Rt – 1,048 көрсетуде.
⠀
Ақпан айымен салыстырғанда наурызда індетті жұқтыру деңгейі 19,5%-ға өскен. Басты себептерінің бірі, наурыз айдың басындағы мереке күндері халықтың шектеу шараларын бұзуы болған.
⠀
Өткен апта тіркелген жағдайлардың жас және әлеуметтік-кәсіби құрылымы бойынша бөлінісі:
– 60 жастан асқан адамдар (26,4%),
– 14 жасқа дейінгі балалар (18,6%),
– 50-59 жас шамасындағы (13,2%) еңбекке қабілетті адамдар және 30-39 жас аралығындағы (15,2%) жастар болып табылады.
⠀
Әлеуметтік және кәсіби құрылымдар арасында зейнеткерлер (23,9%) әлі де басым, жұмыс істемейтін адамдар, оның ішінде үй шаруасындағы әйелдер (18,3%), жеке кәсіпкерлік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік қызметкерлері (12,9%), мектеп оқушылары (12,7%) құраған.