Бас тақырыпЖаңалықтар

Қарағанды көмірі: деректер не дейді?

Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша елімізде тас көмір мен көмір концентратын алу 117,8 млн. тоннаны құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6 пайызға артық. Көмір өндірісі екі басты аймақта өндірілуде. Бірі – Павлодар облысы. Екіншісі – Қарағанды аймағы. Қарағанды кеншілері өндірген көмірдің үлесі 39, 1 млн.тонна көлемінде. Бұл еліміздегі көмір өндірісінің – 33 пайызы. Баршаға мәлім, Қарағанды облысында көмір өндірісі «АрселорМиттал Теміртау» көмір департаменті, «ERG» Еуразия тобының еншісінде.

Көмір мен көмір концентратын алудың жалпы көлемінде лингиттің үлесіне 5,5 пайыз тиесілі. Ол – 6,4 млн.тонна шамасында. Ал, тас көмірдің үлесі – 91,1 пайыз. Яғни, 107,5 млн.тонна. Соның ішінде, тас көмірдің 81 пайызын энергетикалық көмір, ал, 10 пайызын кокстелген көмір құрайды.

Энергетикалық көмірдің басым бөлігі еліміздің энергетика саласына жұмсалады. Ол пайызға шаққанда – 51 пайыз, экспортқа 31 пайыз көзделген. Қалған көлем, тұрғындар мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың қажеттілігін өтейді. Нақтыласақ, тұрғындардың коммуналдық-тұрмыстық қажетіне жұмсалатын көмір – 13 пайыз.

Былтырғы жылы 84,7 млн.тонна көмір тиелсе, оның Қарағанды облысына тиесілісі 24 пайыз.

 Қарағанды аймағында көмір өндірудегі өсім жылына 3 млн.тоннадан 5 млн.тоннаға дейінгі аралықты қамтып отыр.

Басқа материалдар

Back to top button