Бас тақырып

9 мамыр – Отанға шынайы қызмет етудің нышаны

Құрметті соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері!

Құрметті қарағандылықтар!

Сіздерді Ұлы мереке – Жеңіс күнімен құттықтаймыз!

Сурет: egemen.kz сайтынан

9 мамыр – бұл батылдықтың, жанқиярлықтың және Отанға шынайы  қызмет етудің нышаны. Бұл – біздің өткен сұрапыл күндерден тағылым алған ерлік шежіресі әрі әрбір отбасының терең тарихы.

Қарағандыда осы қорқынышты соғыстың тірі куәгерлерінен, өкінішке қарай, тек жеті қаһарманы қалды. Бұл күні біз һас батырлық пен  барлық сарбаздың басына түскен қиыншылық пен ауыртпалық атаулысын  еске аламыз.

Сіздерге, жеңімпаздар және тыл еңбеккерлері, сұм соғыстан құтқарылған әлем мен бейбіт көк аспан үшін мың тағзым!  Сіздердің жан­қиярлық ерліктеріңіз, қайыспас рух күші мен қайраткерліктеріңіз, Отанға және оның халқына деген зор сүйіспеншіліктеріңіз  біз үшін әрқашан айшықты үлгі болады.

Баршаңызға шын жүректен зор денсаулық, бақыт және амандық тілеймін!

Мейрам КОЖУХОВ,
Қарағанды қаласының әкімі

Алтынтөре БӨКЕНОВ,
Қарағанды қалалық  мәслихатының төрағасы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button