АймақҚарқаралы

Қарқаралыда саңырауқұлақ теруге шыққан 72 жастағы әйелдің денесі табылды

20 қыркүйектен бастап Қарқаралы ауданында «Берлога» демалыс аймағы маңында саңырауқұлақтарды жинау кезінде адасқан 1951 жылы туған әйел адамды іздеу жұмыстары жүргізілген. Жоғалған әйел адамды іздеуге ТЖД, ТЖМ 52859 әскери бөлімінің, полиция департаментінің және Қарқаралының ерікті халқы жіберілді.

Қарқаралыда орманға саңырауқұлақ теруге кетіп, жоғалып кеткен әйелге 4 күн бойы іздеу жүргізілді. Кеше, 24 қыркүйек күні сағат 10:54-те «Берлога» демалыс аймағынан оңтүстікке қарай 8 шақырым жерде іздестіру тобы із-түзсіз жоғалған әйелдің денесін тапты.

Қарағанды облысының ТЖД табиғатқа шығар алдында ауа райы болжамын нақтылауды, ұялы телефонды қуаттап алуды, туыстарыңызға қайда және қашан баратыныңызды хабарлауды және олармен байланыста болу қажет екенін еске салады. Сонымен қатар, сенімділік үшін өзіңізбен бірге тамақ, су және дәрі-дәрмек алуды, орманда от жақпауға кеңес береді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button